Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
10.02.2023
156
...Ерке күннің елесіндей естегі....
...Ерке күннің елесіндей естегі–
Көркем бейнең көз алдымнан өшпеді...
Жүрегімді Жалғыздықта жоғалттым
Аяулым-ай, кеш мені!
Кірпігіңнен кірбің көріп күрсіндім,
Жанарыңда жатқаны ғой бір сырдың.
Екеумізге ендігі өмір—өкініш
екендігін білсін кім?!
Сені іздесем—мекеніңде Мұң жүрер,
Мені іздесең—тұнжыраған Түнді көр!..
Екеумізге ендігі өмір—өлмелі
екендігін кім білер?!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter