Өлеңдер ✍️

  10.02.2023
  147


Автор: Дәурен Тілеухан

Жүрегімді жаулаған бір қыз бар-тын

(Жүрегімді жаулаған бір қыз бар-тын)


Жатақхана…


Жарықшам…


Мұңлы ызғар…


Түн…


Байызы жоқ бозамық бұлттарымның,


Жабығынан сығалап жұлдыздар тұр.


 


Жұлдыздар тұр,


Дейтіндей: “қайда гүлің?..”


Шырақ етіп жартыкеш Ай жарығын —


Сарсаң ойға салынып қалдым енді,


Мұңын мұңдап қайдағы-жайдағының…


 


Майда самал сырымды алып қашып,


Талдырмаш бойжеткенге болып ғашық—


Көңілдер көктем әнін  қатар шырқап,


Көшеде тұрдық талай қол ұстасып…


 


Жүруші ек жамандаған елді ескермей,


Болар ма барлық уақыт сол кештердей?


Көрігі — көңіліммен үйлескендей,


Сезімі — сеніміммен  селбескендей?


 


Жүрегін жарып шығып бар наласы—


Жылар, сосын жымияр,


Таң қаласың…


Қоштасу — қимастықтың ең ауыры,


Кездесу — сағыныштың жан-дауасы…


 


 


 


 


 


Ләззат тауып сол жайлы әр уайымнан,


Тата бергің келеді-ай балдай удан.


Жадау көңіл жадырап қалсын енді:


“Сүйейінші жарығым маңдайыңнан!..”




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу