Өлеңдер ✍️

  10.02.2023
  192


Автор: Тілек Ырысбек

Қызыл

Құмға айналған кітап,
Әлемнің тек мәтін екенін,
Мәтіннің тек мағынасыздық екенін,
Кеңістік пен уақыттың өлім алдында өмір сүрмейтінін, 
Үмітсіздік пен үрейдің,
Шындық пен ақиқаттың,
Біз үшін бәрінен де алыс екенін,
Түсіну үшін,
уақытты сағынып өлудің,
Немесе жәй ғана бақытты болудың,
Өзі жеткіліксіз. 
Біз өзгелердің көлеңкелерінен,
Өз көлеңкелерімізді іздейміз деп жүріп өз көлеңкелерімізден адастық.
Бұл адасу бізді себепсіз жалығуларға бастаса екен. 
Шіркін!
Кенет Қорқыт шақырған азан дауысынан шошып ояндым!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу