Эсселер ✍️

  09.02.2023
  150


Автор: 8 наурыз

Әпкелер мен сіңілілер,  қарындастар

Әпкелер мен сіңілілер, қарындастар  дегеніміз — бауырларына жаны ашып тұратын,  әрқашанда бауырларын ойлап жүретін жандар.  Үйден жырақта жүрсе үйін ойлайтын, бауырларының жағдайына алаңдап жүретін, ата-анасы сәл ауыра қалса не болмаса қиындыққа тап болса   ата-анасының денсаулықтарын уайымдап жүретін,  олар қуанса бірге қуанып,  ал мұңайса бірге мұңаятын әпкелер мен сіңілілер болып табылады.  Әпкесі мен сіңілісі не болмаса қарындасы  бар адамдар өте бақытты деп ойлаймын.  Өйткені,  олар өте бауырмал жандар.  Айналасындағы жақындарына қамқор. Алыстағы үйі мен туыстарына алаңдап жүреді. 
      Гүл көктемдей жайнап,  жақындарын ойлап жүретін,  қолындағы барын беретін,  көңілдегі жақсы сөзді  теретін Әпке-сіңілілер,  қарындастар аман болсын! 

     Асыл әпке,  сізді шуақты да жарқын,  әр көктеммен бір келетін 8 наурыз мерекесімен шын жүректен құттықтаймын! Көктемгі мереке барлық ауыртпалықтарды артта қалдырып, жаныңызды жадыратып,  керемет көңіл-күй сыйлай түссін. Сізге Әлемнің бар жақсысы мен шаттыққа толы,  бақытқа толы күндерін тілеймін!  Шексіз сәттілік, өміріңіз жандансын!  Мөлдір махаббат, бұлбұл құстар ән салсын!  Зор денсаулық және бақытқа толы ғажайып күндер тілейміз!  Бар болыңыз,  нар болыңыз,  шуақты атар таң болыңыз!  Әрбір көктем қуанышы  мен бақыты көп күндерге толы болсын!  Мерекеңізбен,  Әпке! 

Жақсылықтың нышанындай, жүзі жылы күліп тұратын, айналасын қуанышқа бөлеп жүретін, саф алтындай тазалығы мен сұлулығы барша жанды бір өзіне баурап алатын, күн нұрындай жайма шуақ сәулелерін төгетін, көңілдерге жақсылығын самал желдей себетін, жақсылықтың жаршысындай бар адамға күлім қағып тұратын, инабатты да ибалы сіңілім! Сені көктеммен бірге кеп жеткен 8 наурыз «Халықаралық әйелдер» мерекесімен құттықтаймын! Көгілдір көктемнің алғашқы мерекесі, той атаулының қызығы мен берекесі — 8 наурыз бақыты мен шаттығына бөлей берсін!

Қарындасым, қарлығашым! Сені көктемнің алғашқы мерекесі — 8 наурыз «Халықаралық әйелдер» күнімен шын жүректен құттықтаймын! Әрбір көктем саған бар жақсылығын арнап, әр мереке сені қуанышымен тербей берсін! Денің сау боп, амандықта ортамызда гүл жайнап жүре бер, қарындасым! Баянды бақыт, таусылмас шаттық тілеймін! Жүзіңнен күлкі кетпей, аспаның ашық болып, мерекелі де берекелі күндерің көп болсын!


«Ғажайып Қазақстан —2050» журналының және «Ғажайып Қазақстан»  газетінің бас редакторы Жібек Искакова,  Түркістан қаласы




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу