Шығармалар ✍️
Мереке құтты болсын!
Міне, аппақ киім киген табиғатымыз біртіндеп ақ киімдерін шешіп, көгілдір киімдеріне көшіп жатыр. Яғни, бәйшешектер гүлдеп, алыстағы қырларда қызғалдақтар көздің жауын алады. Себебі көктем келді. Айналамыз көкке боялып, әсем табиғат ұйқысынан оянып жатқандай. Дәл осы сәтте, көктемнің алғашқы мерекесі есік қағып қуанышты да шаттықты жалғап, көктеммен бірдей құлпыратын қыз-келіншек, аналар мен әжелерді, әпкелер мен сіңілілерді, құрбыларды мерекелік күйге бөлей түсетіндей.
Ендеше, гүл көктеммен бірге келіп, айналасын қуаныш пен шаттыққа бөлейтін 8 наурыз, «Халықаралық әйелдер» күні құтты болсын, қазақ елі! Аяулы аналарымыз бен ардақты әжелеріміз аман болып әрбір көктемнің қуаныштарын сезіне берсін! Ал әпке-сіңілеріміз бен ару қыздарымыз, асыл құрбыларымыз гүл жайнап, жүздерінен шаттық кетпей, бастарына бақыт орнай берсін!
Әже дегеніміз Асқар таудай әкеміз бен аяулы анамыздың аналары болып табылады. Немерелеріне ертеңгісін айтып, бар тәттілерін сыйлап, қастарынан тастамай жүретін Әжелердің әр отбасында орны бөлек. Әжелеріміз біздердің баға жетпес қазыналарымыз. Олардың немерелеріне деген сүйіспеншіліктерін сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес. Ия расында да Әже махаббаты ерекше де ғажайып күшке ие десек қате айтқанымыз емес. Күн нұрындай шуағын шашып, көңілдері гүл жайнап, тасып жүретін Әжелеріміз аман болсын!
Асыл әжем, сізді келіп жеткен 8-ші наурыз «Халықаралық әйелдер» күнімен шын жүректен құттықтаймын! Деніңіз сау болып, көңіліңіз жайнап немере-шөберелер ортасында амандықта жүре беріңіз! Мерекелі көктемнің берекелі күндері жалғасын тауып, көңіліңіз жайнап, өміріңіз жандана берсін! Арайлы атар таң шуағына бөлеп, мерекелік ән менен жыр жаныңызды тербей берсін! Шуақты күндеріңіз бен қуатты күндеріңіз жалғасын таба берсін! Мерекеңізбен, Әжетай!
«Ғажайып Қазақстан —2050» журналының және «Ғажайып Қазақстан» газетінің бас редакторы Жібек Искакова, Түркістан қаласы
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter