Эсселер ✍️
Ақ жаулықты аналар!
Ана — бақыт, ана — өмір, ана — гүл. Аналардың барында құрметтеп сен қадірін біл! Расында да, ана деген жарық әлемді сыйлайтын, өз баласын жамандыққа қимайтын мейірімді жүрегі бар, көңілдері кең дархан ақ жаулықты ізгі жандар. «Анасы бар адамдар қартаймайды», «Әке — Асқар тау, ана — мөлдір бұлақ, бала — жағасындағы құрақ» деген мақалға көңіл бөлер болсақ, расында да аналар мөлдір боп ағатын бұлақ емес пе?! Бар мейрімімен айналаны нұрландырар, көңілге ғажап үн қалдырар аяулы жандар. Аналарды ренжітіп алудан аулақ болайық! Аналар баласы үшін отқа да, суға да түсетін жандар. Аналар үшін әр баланың орны бөлек, әр баласына ет жүрегі елжіреп тұратыны айтпасақ та белгілі жайт. Сондықтан Аналарды алаңдатпай, көңілдеріне кірбің түсірмей тек қана қуаныш арнай білейік. Баласының табанына кірген тікен, менің маңдайыма кірсін дейтін Аналарымыз аман болып, ортамызда гүл жайнап жүре берсін!
Аяулы да қымбатты асыл Аналар! Сіздерді Көктемнің құлпырған, сұлулық пен әсемдік мерекесімен шын жүректен құттықтаймын! Өмірдеріңіз гүл жайнап, көңілдеріңіз көтеріңкі күйге енсін! Әр күндеріңіз күлкіге, махаббат пен сәттілікке, таусылмайтын тәтті үмітке, шаттық пен қуанышқа толы болсын! Жүздеріңіз күлімдеп, әрбір сәттеріңіз ғажайыпқа тола берсін! Дендеріңіз сау болып, амандықта жүре беріңіздер. Гүл көктемнің алғашы мейрамы 8 наурыз мерекесі «Халықаоалық әйелдер» күні құтты болсын!
Жарық әлемге әкеліп, әлпештеп, аялап өсірген жан Анашым! Сізді көктемнің алғашқы күндерімен қатар келген 8-наурыз «Халықаралық әйелдер» күнімен шын жүректен құттықтаймын! Өзіңіз барда айналамыз гүлді баққа айналып, жанымыз нұрға бөленеді. Саулығыңыз мықты болып, ғұмырыңыз ұзақ болсын! Әр көктемге аман-есен, мерекеден мерекеге жете беріңіз! Құлрырыңыз Анашым гүл көктемдей, сегізінші наурызда гүлдей жайнап. Біз жүрейік Анашым қасыңызда, сізбен бірге қуана, мейрам тойлап. Әрбір ісіңіз оңды болып, бала-шаға, немере-шөберелер ортасында амандықта жүре беріңіз, Анашым!
«Ғажайып Қазақстан —2050» журналының және «Ғажайып Қазақстан» газетінің бас редакторы Жібек Искакова, Түркістан қаласы
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter