09.02.2023
  280


Автор: Жабал Ерғалиев

ХАН КӨТЕРГЕН ЕЛ ЕДIК ЕР ҰЛАНЫН

2005 жылдың 4 желтоқсанында өткен президенттік сайлауда айқын басымдықпен жеңіске жетіп, қайрадан Президент болып сайланған Нұрсұлтан Назарбаевты ұлықтау рәсімі Астанадағы Ақордада 2006 жылдың 11 қаңтар күні болып өтті. Бұл ой-толғау Елбасын ұлықтау құрметіне арналған-ды.


Туған ел Тәуелсiздiгiнiң көк туын тәңiр иесiнiң жазуымен өз қолымен көтерiп, сол қасиеттi туды сан алуан оқиғаларға толы болған тарихтың қилы-қилы кезеңдерi мен белестерiнен алып жүру сияқты аса бiр маңызды және аса бiр жауапты мiндет сол Жаратқанның сол жазуымен                                            Нұрсұлтан Әбiшұлы Назарбаевқа жүктелгендiгiн бiлемiз.


Кешегi кеңестiк жүйе жiк-жiгiнен сөгiлiп, ыдырауға айналған тұста “Апыр-ай, бiздiң жағдайымыз ендi не болар екен?”,–деп алаңдаған халық едiк бiз.


Бiреудiң айтқанымен жұмыс iстеп, айдағанымен жүрiп, бiреуге әбден тәуелдi болып үйренген халық ендi не iстеп, не қоярымызды бiлмей, алды-артымызға, жан-жағымызға үреймен жалтақтай қарап, үрейленiп, абдырап қалған халық едiк бiз.


“Бұлар ендi бiзсiз күндерiн көре алмайды”,–деп үстiмiзден үстемдiгiн жүргiзiп келгендердiң күлгенiн де, “қазақ өз бетiмiзбен ел бола алмаймыз”,– деген өзiмiздiң күңкiлiмiздi де естiген халық едiк бiз.


Оңымыздан қайыс бұғаулы, солымыздан темiр құрсаулы елдердiң аңдысын аңдып, хан талапайға тастап жiбергiсi келген озбыр ойын көре отырып, осылар жұтып жiбермес пе екен? деген қауiптен секем алған халық едiк бiз.


Сол бiр... сол бiр қазақ баласының басына төнген ХVIII-шi ғасырдың “ақтабан                     шұбырындысынан” кейiнгi қайра бiр сандалып, шаруасының қыюы қашып, берекесi кете бастаған үрейлi тұста халқымыз “Туған елiм, екi тiзгiн, бiр шылбырды қолыма берген екенсiздер, сенiңiздер маған!”, –деген өз адал ұлының үнiн естiп, есiн жиған елiмiз мiне, сонан берi Нұрсұлтан Әбiшұлымен бiрге тәуелсiздiктiң қасиеттi жолымен жүрiп келедi .


Құдайға шүкiр! Мың тәуба!


Кешегi айлап, тiптi жылдап жалақы мен зейнетақы ала алмаған күндер де, жылусыз, жарықсыз қалған кезеңдер де ұмыт бола бастады. Ел шаруасы бұл күндерi өркендеп, озуға да айналды. Тұрмысымыз жақсармады, шаруамыз түзелмедi деп ешкiм де айта алмас осы күнi!


Тәуелсiздiктiң сол бiр бастапқы кезеңдерiндегi ел iшiндегi, онан қалды әлемдi жайлаған түрлi-түрлi оқиғалар жайын, жүрiп өткен бұралаңы мол жолдарды еске алсақ, “апыр-ау осының өзi шын ба, рас па?”, –деп не сенер, не сенбес күйге түсерiмiз де бар!


 


Алайда бүгiнгi күнiмiз, бүгiнгi жетiстiгiмiз ақиқат! Бәрi де ақиқат! Сарыарқаның сар даласының төсiне әкелiп салып жатқан Астанамызды кiм жоққа шығара алар осы күнi?! ХХ-шы ғасырдың соңғы он жылдығының дүниесi өзгерiп, саяси жүйесi әлi қалыптасып болмай жатқан өлiара тұста Қазақстан сияқты алып елдiң жаңа Астанасын жаңа орынға көшiрiп алып келiп, салғызудың өзi Нұрсұлтан Әбiшұлының ерлiкпен пара-пар тiптi, көзсiз батырлығы дейiкшi.


Ендi бүгiн Ақордалы Астана атанып отырған Елордамыз қазақ рухының асқақтай түскен символындай әлемге әйгiленiп, күн сайын биiктеп бара жатқандығын көз көрiп отыр.


Иә, қайсы бiрiн айтарсың?! Қазақ елiнiң өркенiнiң өскенiн де, көсегесiнiң көгергенiн де көз көрiп отыр бұл күндерi.


Қалай ел болуды, қалай еңбек етудi халқымызға үзбей үйретуден, үлгi мен өнеге көрсетуден Елбасы әлi де бiр жалықпай келе жатыр. Экономикамызды жүргiзудiң рыноктық жолын дұрыс таңдай бiлгендiгiне қуанамыз да, сүйсiнемiз осы күнi. Бұл жолдың дұрыс таңдап алынғандығына күмән келтiргендердiң де, тiптi өзеуреп сынағандардың да, кегежесiнен кер тартқандардың                 да          керенау                             әрекеттерiне     қарамастан       елдiң              жүгiн, халқымыздың аманатын арқалаған қалпынан көз iлмей, үмiттi күндерге iлгерi бастап келедi.


–Ел жүгi мен халқымыздың аманатын арқалау Сiзге, ардақты, Нұрсұлтан Әбiшұлы, оңай да болмағандығын және жеңiлге де түсiп отырмағандығын да бiлемiз. Шаршадыңыз да, шалдықтыңыз да! Ойландыңыз да, сол ойдан жүдедiңiз де! Қазақ елiнiң арман-мүддесiн жұдырықтай ет жүрегiңiзге түйiп алып, бармаған жер, баспаған тау қалдырмадыңыз. Сол сапарларыңыздың бәрiнде де туған елiңiзге қарлығаштың қанатынан тамарлықтай бiр тамшы судай жақсылық iздедiңiз, елдi таныттыңыз, жұртты жақындастырдыңыз, iргемiздi бекiттiңiз, әлемнiң үстiнен қарап тұрған талай-талай әйдiктердiң бетiн бұрдыңыз, ең бастысы қазақ елiн мойындаттыңыз!


Сiздiң бұл еңбегiңiздi де, ерлiгiңiздi де туған халқыңыз бiлмей де, көрмей де отырған жоқ!


Бiлемiз! Бiлемiз де, бүгiн Сiзге мың сан көңiлдердiң ақтарылған ақ алғысын айтамыз,–деген көңiл толғанысын бүгiнгi салтанатты сәтте де ақтарар едiк.


Президенттiң өткен жылғы Жолдауы халқымызға қанат бiтiрдi, абыройын тағы да бiр аспандатты, ең бастысы рухымызды асқақтатты, өз елiмiзге деген шынайы мақтаныш сезiмдерiмiздi онан әрi нықтап, онан әрi бекiте түстi.


“Бiздiң өмiрiмiз жақсара бастады”,–деген Жолдау жолдарындағы жазылған және нақтылы деректермен айғақталған жайлардың ақиқаттығына да ендi кiм таласа алар екен?!


Өстiк, өркендедiк! Жақсы тұрмысқа қол жеткiздiк! Ол–ақиқат! Ең бастысы Қазақстанда бүкпесi жоқ, шынайы әрi адал демократиялық қоғам орнағандығын баса айтуға тиiстiмiз. Еркiнбiз! Еркiн сөйлеу, өз ой мүдделерiмiздi еркiн айтып, еркiн жеткiзетiн жағдайға келдiк.


 


Қазақ елiн мекендеп отырған жүздеген ұлттар мен ұлыстарды бiр мақсат, бiр мүддеге жұмылдырып, ұйыта бiлген, бiрлiгiн жарастыра бiлген елдiң демократиясын жоққа да шығаруға болмас ендi.


Не де болса, Тәуелсiздiгiмiздiң бiр мүшел жасынан асар-аспас кезеңдерiнде ғасырларға пара-пар iстер атқарылғандығы да ақиқат. Алда әлi де атқаратын қыруар iстер де бар.


Алайда, дүние мен тiршiлiктiң мәңгiлiк заңына сүйенер болсақ, осы Жолдаудың “Қазақстан қазiргi әлемде” деген тарауында не iстеп, не қою қажет деген мәселенiң бiздi тағы да бiр алаңдата түсетiндiгi бар. Және де сол алаңдатар жайлардың бар екендiктерi де бүкпесiз ашық та, анық та, айтылып отыр.


Ел көшiн дәуiр мен тарихтың аса бiр жауапты сан қилы кезеңдерiндегi мақсатты жолдарға салып, атқарар қыруар шаруаны айтып, сол қыруар көп iстi өз Жолдауында Елбасымыз белгiлеп те бердi.


Қаншалықты    есейдiк,    бұғанамыз    бекiп,    қабырғамыз    қатайып, қаншалықты бой жетiп, өсiп, өркендеп, белгiлi бiр табыстарға ие болдық, демократиялық қоғам орнатып, әлемге таныла бiлдiк, ұлттық қорымыз қазыналы, шекарамыз белгiленiп, бекiтiлдi десек те, “Алда талай алынбаған асулар бар”, – деп Елбасының осы Жолдауында ашық айтылғандығын ойға ала отырып ел алдында тұрған мақсаттар мен мұраттарға жетер болсақ, оған тек                 бiр   ғана              Елбасының     басшылығымен,  Нұрсұлтан     Назарбаевтың бастауымен жете аларымызға да бек сенiмдi едiк.


Дәулетiмiз онан әрi артып, елiмiздiң әлi де кемелдене түсуi үшiн және бүгiнгi ұйып отырған тыныштығымыз бен берекемiздiң шырқы бұзылмауы үшiн ел-жұрты сенiп табыстаған “екi тiзгiн, бiр шылбырды” уыстан шығармай ұстап, қыруар игiлiктi iстердi онан әрi жалғастыру үшiн, қазақ елiнiң, онан қалды бүкiл қазақстандықтардың бүгiнгi бағы мен бүгiнгi табыстары онан әрi баянды болу жолында иглiктi iстердiң атқарылатынына ендi әбден сенiмдiмiз.


Туған елi мен туған ұрпағының болашағын ойлаған, солардың мүддесiн бәрiнен де жоғары қоя бiлетiн әр отандасымыздың бiр кiсiдей Нұрсұлтан Назарбаевқа дауыс бергендiгiне әлем таң қалды емес пе?!


Өткен жылдың маусым айының 30-ы күнi Ақордада Елбасының баспасөз өкiлдерiмен өткiзiлген кездесуiне мен де қатыстым. Қалам иелерiмен болған осы кездесуде алтын уақытын бөлiп журналистер қауымының бiраз сауалдарына тапжылмай отырып жауап та бергенi есiмiзде. “Қайтсек ел боламыз” деген басты әрi жалғыз бiр сауалыма Президентiмiздiң әр сөзi мен әр iсiнен әрдайым жауап тауып келе жатырмын.


Менiң дәл қазiр қасиеттi Көкшетау халқының атынан Елбасына айтар алғысым ғана және жалғыз бiр тiлегiм ғана бар! Ол тiлегiм–елiмiздегi тыныштығымыз бен тәуелсiздiгiмiздi осы қалпында сақтау үшiн онан әрi қызмет ете берiңiз. Елiңiз бен халқыңыздың алдындағы Перзенттiк те, Президенттiк те борышыңызды адал атқарып келе жатырсыз. Бұған ешкiмнiң күмәнi де жоқ. Елiмiз тәуелсiздiгiн алған жылдардағы Президент атқарған iстiң тарихи маңызын өз басым айтып та, жазып та келемiн. “Елдiң жайын Елбасыдай ойлайық, елдiң жағдайын да Елбасыдай ойлайық!”, –деген кесiмдi пiкiрiмдi 1999 жылдың 21 мамыр күнi Көкшетау қаласында өткен жиналыста мiнбеге шығып, Елбасының алдында айтқан болатынмын.


“Қазақ әдебиетi” газетiнде (4 қазан, 2002 жыл) “Менiң Президентiм” деген мақаламда: “Әр қазақ баласының бүгiнгi күнi қасиет тұтар жетi дүниесi бар. Ол–Жер. Тәуелсiздiк. Президент. Көк ту. Елтаңба. Әнұран. Қазақ тiлi! Мiне, менiң өз түсiнiгiмде қасиеттi болып саналатын осы жетi дүниенiң бiреуiне шек келтiрудi ақылсыздық пен парықсыздық, тәуелсiздiкке жасалар опасыздық деп бiлемiн”,–деп те жазған едiм.


Осының бәрi қазақ елiнiң перзентi ретiнде өзiмнiң Елбасына деген алғысты да риза көңiлiмнiң ақ адал сыры болатын. Ел мен ердiң қасиетiн таныр ойлылар мен парасаттылар жоқ емес, бар бiзде. Солардың бәрi де бүгiнгi күнi Президентiмiз жүргiзiп отырған iшкi және сыртқы саясатты қолдайтындықтарын айтқым келедi. Ал ендi бiзге демократия, сөз бостандығы жетпей жатыр деп даурығып жүргендерге менiң ойымша бұл екеуi емес, қанағат пен ынсап, шүкiршiлiк жетпей жатқандығын айтар едiм. Ойлап қарағанға, бар iске сабырмен қарағанға бiздiң елде бәрi де... бәрi де жетiп жатыр ғой. Ең бастысы–Елiмiз бар, Жерiмiз бар, Мемлекетiмiз бар! Осыдан артық не керек?! Осы үшеуi аман тұрғанда мен баймын да, бимiн де деген көңiлмен асқақтағың-ақ келедi.


Қазақ елi мен қазақ халқының бүгiнi мен болашағы жолындағы iрi iстерiмiзге iлгерлiк берiп, тәуелсiздiгiмiздi де, Елбасымызды да, елiмiздi де тәңiрi өзi қолдағай!


 


(Ақмола облыстық «Арқа ажары» газеті, 10 қаңтар 2006 жыл).


 




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу