08.02.2023
198
Құттықтайды ұлыңыз
Халықаралық мереке,
Кұтты болсын жан анам!
Құттықтайды ұлыңыз,
Бақытына балаған.
Бар жақсыны тілеймін,
Күліңіз деп әрдайым.
Ардақты анам, аяулы,
Жүріңізші жоқ уайым!
Күлім қағып жүзіңіз,
Бақ сыйласын мереке.
Шаттана түс лайым,
Артып үйде береке.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter