Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
08.02.2023
241
Өзіңе сен!
Ешкімге жақпасаңда,
Сенімді ақтасаңда,
Біреуді жақтасаңда,
Өзіңді сүй әрқашанда!
Өзіңді сүйіп қой анда-санда,
Сені ешкім сүймейді қаласаңда,
Қаламасаңда.
Өмірді сүретін өзің ғана,
Өз-өзіңді сондықтан жазалама!
Жұмыр ет жүрегіңді соғатын сен,
Бұлшық ет білегіңді жұматын сен,
Өмірде жанатын сен, сөнетін сен,
Өзіңді сүйетін Сен!
Біле білсең!
Аңсар Бақытжанов
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter