Эсселер ✍️
Алғыс айтамын
Алғыс айту жалпы айтқанда әр адамның ризашылық сезімінен туатын рахметі мен ақ адал көңілі болып табылады. Алғыс айтуды әркім әр қалай түсініп жатады. Бір адамдар болады аузынан рахметі мен алғыс, ризашылығын бүлдіруі деп білемін. Алғыс айту арқылы адамдар арасында түсінбестік жойылып, шыншылдық пен шынайылық орналып, сыйластықтың жол ашуына ықпал етеді. 1-наурыз «Алғыс айту» күні болып аталып келеді. Осы күні алыстағы, көп көріспеген адамдармен телефон арқылы олардың барына, қолдап жүргендеріңіз үшін деп ризашылық көңілмен алғыс білдірсек, олардың көңілдері көтеріліп, бір марқайып қалары сөзсіз. Сонымен қатар, қасымызда жүрген ата-анамыз бен бауырларымызға да шын жүректен алғыс айтып, рахметімізді білдірсек одан асқан қуанышты сәт болмас. Өйткені, ризалықпен айтылған әрбір сөз жанымызға жылу беріп, көңілімізді көтерері анық. Сондықтан, жанымызда жүрген жақындарымызға алғыс айтудан жалықпайық дегім келеді. Өйткені, жанымыздағы адамдарды қуанту арқылы өзіміз де қуанышқа, бақытқа кенелеміз.
Көктемнің алғашқы күніне жеткізген, амандығын сыйлаған Жаратқанға мың алғыс! Нұрын шашып оятып, ұйқымыздан тұрғызатын әрбір таңға мың алғыс! Жанымыздан табылып, біз қуансақ қуанатын, біз мұңайсақ екі есе мұңаятын ата-анамызға мың алғыс! Қандай жағдай болмасын, қасымыздан табылатын бауырларым мен аппақ ақ адал достарыма мың алғыс!
Амандық болсын, еліміз аман, жұртымыз тыныш. Жаратқаным жар болсын, әрбір ісімізді оңды етіп. Сыйластық артып, ынтымақ пен бақ-береке жалғасын таба берсін!
«Ғажайып Қазақстан —2050» журналының және «Ғажайып Қазақстан» газетінің бас редакторы Жібек Искакова, Түркістан қаласы
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter