Баталар ✍️
Баталар ✍️
04.02.2023
565
Алғыс айту күні бұл
Келді ағайын гүл көктем,
Бірінші наурыз мереке.
Әрбір үйде татулық,
Арта берсін береке.
Ағайындар тату боп,
Бала-шаға ойнасын!
Абысындар тату боп,
Гүл көктемдей жайнасын!
Жаратқаным жар болып,
Бар жақсылық орнасын!
Еліміз аман, жұрт тыныш,
Билікшілік жалғансын!
Жүректерде иман боп,
Көрсе қызар болмасын!
Әрбір үйде лайым,
Жақсы күндер орнасын!
Алғыс айту күнінде,
Айтар алғыс көп болсын!
Реніштер мен өкпе, наз,
Ешқашанда болмасын!
Сыйластықта болайық,
Сыйластық тауып жалғасын!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter