Өлеңдер ✍️

  13.01.2023
  116


Автор: Есбол Бозан

ЖОЛДАУ

Қандай жақсы ертерек хат таныған,
Ішкі ойың əлемге ақтарылар.
Бір мұңымды шертейін ішімдегі,
Естісін үкімет жақтағылар.
Мына халқым барады күрт құбылып,
Бақытсыздар өмірден көп түңіліп.
Баласын ішінен алдыру да,
Кейбір қыздар некесіз жүкті болып.
 
Есірткілер ең ірі көлемдегі,
Тоздыруда жігерді денеңдегі.
Соңғы жылда осының себебінен,
Халықтың əл-ауқаты төмендеді.
Жарнамадан таралып күдікті үгіт,
Əбден соқыр болуға шынықты жұрт.
Арақтарды дүкенге саудалаймыз,
Оның зиян екенін біліп тұрып.
«Саулық қайда, ар қайда, ғылым қайда...»
Онысыз ел бəлеге ұрынбай ма?
Сондықтан көшеге қаңғый бермей,
Білім алып, болашақ күніңді ойла.
Ақиқатты бүлінсе ұқпайды ақыл,
Сұрақ қойшы өзіңе шықтай мақұл?!
Бұл күні Абай мен Шəкəрімдер,
Ел арасынан неліктен шықпай жатыр?
Шын өнерді басқандай қараңғылық,
Атақтылар көбейді таланты жоқ.
Қолыңда билігің болмаған соң,
Отырасың еріксіз алаң болып.
Осы хатты жолдадым халқым үшін,
Санаңдағы ақылдың сарқы күшін.
Қимылда бүгіннен еліңді ойлап,
Сен деген осы елдің батырысың!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу