Өлеңдер ✍️
АРМАН
Жайқалар елімде қалсам желегім!
Өмірден бір ғибрат алсам деп едім.
Казино мен клубтың бəрін қиратып,
Орнына кітапхана салсам деп едім.
Тозақ болар арамға тойсаң мекенің,
Бұны саған ескертіп қойсам деп едім.
Жамағатқа таратып сүт өнімдерін,
Тамырымен арақты жойсам деп едім.
Құбылмай өмірлік салттан, бедерім,
Болашаққа жүгімді артсам деп едім.
Халық мүлкін тонаушы, алаяқтардың
Бəрін бірдей жауапқа тартсам деп едім.
Өте шығар зырылдап «ақшам» дегенің,
Жемқорлықты түбімен шапсам деп едім.
Ішімдік пен шылымға тосқауыл қойып,
Адамдардың сауатын ашсам деп едім.
«Қазынаға қолымды малсам» деген үн,
Көздемей ме мансаптың арзан беделін?
Шомылғанша шетелдік шипажайларда,
Шекара асып Меккеге барсам деп едім.
Күш-қайрат ортаймай еңсемде менің,
Халқыма бір игілік берсем деп едім.
Тайғандардың тəлімін өнеге тұтпай,
Пайғамбардың жолына ерсем деп едім.
Анық қой нəпсімді тыйсам, жеңерім!
Тазалыққа жастарды бұйырсам деп едім.
Салтанатқа ұмтылған сауықшылдардың,
Санасына білімді құйсам деп едім.
Шариғатпен өлшеніп талап-тəрбием,
Гүлденсе екен ақылды сараптар, жүйем.
Арманыма бір күні жетермін бəлкім,
Оны егер қаласа Жаратқан Ием!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter