Өлеңдер ✍️

  13.01.2023
  298


Автор: Есбол Бозан

МЕНІҢ ДОСЫМ

Өмірде досым деп жүрген адамдардың дұшпан болып шыққан сəттері əлі есімде. Мен одан кейін достықтық мəні туралы ойлана бастадым. Ақыры жауабын тапқан сияқтымын. Менің шынайы досым, ол мені ылғи Хақ жолына шақырып, жаман істерден қайтарған адам екен. Сенің де шынайы досың сол болмақ. Өмірд егі ең басты армандарымның бірі де иманды, тақуалы адамдармен дос болу. Ылғи солардың маңынан табылу. Себебі, олар мені бір Аллаға құлшылық етуге шақырады. Қателігім болса ескертіп, қайғым болса жұбатар еді. Сондай достықта береке бар. Қалғаны құр далбасалық. Алла тағала қасиетті Құранда былай дейді: — «Сол күні тақуалардан басқа достар, бір біріне дұшпан болады». Зухруф сүресі, 67-ші аят.
 
Ей, замандас, ойын ішке бүккен арам,
Бұдан былай сақтама өкпе маған.
«Саулық үшін жүз грамм ұрттайық» деп,
Тілмен жаққа сүйенер текке надан.
Менің досым бес уақыт намаз оқып,
Бір Аллаға құлшылық еткен адам.
Құран-сүннет жолың ба? — «достасайық!»
Егер, олай болмаса қоштасайық.
Менің досым, орынсыз күстаналап,
Біреудің сыртынан тақпас айып.
Егер де бұл сөзіммен келіспесең,
Қияметке барған да, соттасайық.
Өздерін асқар тауға балайтындар,
Ақиқат айтылса қалай тыңдар?
Менің досым өзіндегі жақсылықты,
«Біреуге де болсын» деп қалайтындар.
Басты мақсат Хақ жолын көздемесе,
Онда қандай достық бар...
Ал айтыңдар?!
Менің досым шындықты айта алғандар,
Мұсылманға көңілі байтақ жандар.
Бойларын лас істерден аулақ ұстап,
Білім жолын игерген майталмандар!
Аллаһ үшін шақырып жақсылыққа,
Аллаһ үшін жамандықтан қайтарғандар.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу