Өлеңдер ✍️

  13.01.2023
  629


Автор: Есбол Бозан

Қарындасқа

(+18)


 


Ей қарындас!


Жауындай күзгі күнгі,


Сені көріп көңілім жүз бүлінді.


Сенбеші жігіттің ешбіріне,


Сатпашы ешкімге қыздығыңды!


 


Ей қарындас!


Болсыншы арың басым,


Жігіт іздеп жүрегің қабынбасын.


Бір күні алданып махаббатқа,


Орның сенің төсектен табылмасын.


 


Ей қарындас!


Бойжеттің сенде міне,


Жігіттердің айналма ермегіне.


Уайымдап бір сенің тағдырыңды,


Жүрек сыздап отырмын менде егіле.


 


Ей қарындас!


Көңілім тағы сынды,


Қадағала байыппен әр ісіңді.


Сақтасаң егерде қыздығыңды,


Сақтайсың арыңды, намысыңды.


 


Есбол БОЗАН


13.01.23


 


 


 


 


 


 


 




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу