Эсселер ✍️
Эсселер ✍️
12.01.2023
158
АПАСЫНЫҢ АУРУЫ
Ернар сабақта үнемі кешігіп қалады екен. Себебін сұраған мұғаліміне айтатын жауабы біреу ғана болыпты.
– Әжемнің көзі көрмейді. Тәңертеңгісін сол кісіні сыртқа ертіп шығамын. Біз қайта үйге кіріп болғанша сабақ уақыты болып қояды, - дейді екен. Бұл жауапқа мезі болған мұғалімі Ермекке:
– Ермек, сен әжемнің көзі көрмейді деген өтірігіңді қой. Басқа сылтау айтсаң да жетер еді, – деп ұрсыпты.
Кешкісін Ермек үйіне келе салып:
– Әже, әже, сіз көзім көрмейді деп өтірік айтып жүр екенсіз. Мұғалім енді өтірігіңді қой деп айтты, – деген екен.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter