10.01.2023
  514


Автор: Жәди Шәкенұлы

Күн мен бұлт

 


 


Жер бетіне мейірлене шуақ төгіп тұрған күннің бетін бір мезет бұлт бүркеп алып:


– Күн қанша шуақты болғанмен табақтай ғана, менің туырлықтай қанатымнан сәулесі тесіп өте алмайды, ха-ха-ха, – деп қарқылдап тұрып күліпті. Оның күлкісінен бүкіл дала күңіреніп, аспан шатырлапты.


Ал күн болса, сол баяғы күміс сәулесін шашқаннан өзге дәнеңе айтпапты. Мұны “қорықтың деп жорыған бұлт онан ары кәрленіп, жер бетіне заһарын бүркіп, бұршақ жаңбырымен ұрғылапты. Күн сонда да тіл қатпапты.


Осы кезде батыстан баяу жел көтеріліп, бұлттарды ыдырата бастапты. Берекесі қашқан бұлт шоғыры бірінен-бірі қашып, тұс-тұсқа жан сауғалапты. Кейбірі тозы – тозы шығып, жоғалса, бір бөлімі тауларға барып паналапты. Күннің шуағы жер бетіне төгіле бастапты. Бұлттың жәбірінен құтылған күллі тіршілік алтын сәулемен қауышыпты. Олар бір ауыздан:


– Бұлт қара қанатымен бүкіл аспанды бүркеп алғанымен, бәрібір күннің көзін тоса алмады, – деп мәз – майрам болысыпты.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу