Өлеңдер ✍️

  03.01.2023
  204


Автор: Қанипа Бұғыбаева

Көңіл күй жоқ…

Көңіл күй жоқ…
көптен бері дерттімін,
Шеберлікпен сезімінің шерт, қылын.
Бұлт жүзіне қызыл ізін қалдырып,
Өзегімді өртеп жатыр өрт - күнім.
Бір мен үшін –
сендей сері, жоқ Сұлтан,
Ақ аспаннан ақ сәулесін төксін таң.
Қыз еріні есіміңді күбірлеп,
Өлең жазып, ауласына ексін тал.
Айдыныма қалғыр сүйеп ай төсін,
(Айға қарап, кірді менің қайта есім.)
Жүрекке ешбір сот жүрмейді
екен ғой,
Ойда жоқта сүйіп қалсам қайтесің?...
Жалықтырды. сүю жайлы
жыр ән көп,
Көңілге тау көлеңкесі құлар кеп.
Қиянға ұшсам, аққудайын
құбылып,
Сен, соңымнан қуасың ба,
қыран боп..
Дауылыңмен аспанымды аш,
қыран,
Өзіңді іздеп, тауға тасқа,
басты ұрам.
Тілім шығып былдырлаймын
баладай,
Күнім шығып қанатыңның –
астынан...
19/XI-1991




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу