Өлеңдер ✍️

  03.01.2023
  269


Автор: Қанипа Бұғыбаева

Өсек…

Сыбыр-күбір…
Сырттан “жүр ел” өсектеп,
Солай, маған лақтырады кесек көп.
Тағдырымды кесіп пішіп жобалар.
Әрбір алған адымымды есептеп…
Құм мінезден көрген емес күні айнып,
Көрсетеді өзін көзге “құмай” ғып.
Ашық-жарқын еркін ерке бір сәтім,
Өсегіне азық болар бір айлық.
Шағым етіп, жылағанда көп күліп,
Береді кім көз жасымды кептіріп?
Кездескенде «таныс досым басқа емес
Қарайды екен аяғыма» шөпті іліп…
Ұсыныпты ау, балын емес, уын бақ,
Жүйкеме сөз… қурып жатыр қуырдақ.
Сыбырменен күбірге айғай қосылып,
Мені өмірден қуады иттер шуылдап…
Сыбыр сыбыр… жүрек соғар суылдап!…
10/VIII-1991 ж




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу