01.01.2023
  331


Автор: Жанұзақ Аязбеков

Қадір кетсе..

 


 


 


Зарыққан қалаға таңертеңгі пойыздан түсті. "Dala Hall" мейрамханасына таксимен келіп жетті. Әлі ерте екен. Бұл мейрамханаға қатарлас шағын кафеден барып оразасын ашты. Күзгі суықтан қара шәй бойын кәдімгідей жылытты. Бүгін құдай қаласа бәрін көреді. Алды қырық жыл дәурендес, соңы он жыл қызметтес болғандар Арыстанның жылына келері анық. Сағат он екіге жақындағанда кафеден шығып мейрамханаға келді. Бірлі - жарым жинала бастапты. Жападан-жалғыз сопайып тұрғанға ыңғайсызданып шеткеректеу тұрған бейтаныс бір-екі адамды айналсоқтап, қалта телефонын қолға алды. Әлдекіммен сөйлескен кісіше құлағына тосып біраз тұрды. Бірақ екі көзі есікте. Талай жылдар дәм-тұздас, қызмет бабында аралас - құралас болғандар, ең бастысы өзі қырық жыл істеген, оның соңғы он жылын басқарған мекемесіндегі адамдардың жөні бөлек. Көруге құштар.        Осы ойы жүрегін дір еткізгендей.. Сол сәтте өзінің он жыл орынбасарлары болған Мәкен мен Сәкен ұзынды-қысқалы, іркесе-тіркесе кіріп, мұны көріп состиысып қалды. Зарыққан зарыққан еді, құшағын жая жақындай берген.. Бірақ әлгі екеуі бас изегендей ишарат жасап, жалт бұрылды да өтіп кетті. Сөйткенше болған жоқ, сыртқы есік қайта ашылып Зергүл мен Роза, қастарында тағы екі әйел бар кірді. Олар да қарсы жолыққан Зарыққанды көргенде әзірейліні көргендей түстері бұзылып, болар-болмас амандасқандай сыңай танытып залға жүре берді. Зарыққанды бір суық жанын қарып барады. Есіктен шұбап кіріп жатқандардың ішінде он жыл айдап өргiзiп, иiрiп жусатқандардың дені мұны танымайтын кісідей қасынан көздерін бадырайта-бадырайта өте шықты. «Апырай, мыналарға не болған?» - Зарыққан ойланып қалды: « Мен не жазып едім? Қолда билік бар кезде шайқадық-төктік.. Дүние-тезектің рахатын көріп, тоқтығымыз шайқалмағасын, мына тіршілікте пендешілік жасаған шығармыз. Бетіңнен қағар кісі жоқ, кей күнде мастық билеп, білгеніңді істеп күнәға батасың. Өзің шалқып-тасып жүргенде жағымпаз - жантықтар одан сайын ісіп-кептірті. Өзімнен төменге жеңіммен сәлем бердім. Мейманаң тасығанда , обал – сауаптың көзі соқыр, таскерең. Өзі жылатқан бейбақтардың көз жасы ше.. Зергүл мен Розаның кезекшіліктен босатпай, аязды күні екеуінің екі баласы далада қалып, үсіп өлген. Олар мұның кабинетіне келіп қарғана аңырай жылағанда, боқтап-боқтап айдап шыққан. Ал енді өзіне қарсы келгендерге жала жауып, жұмыстан қуып жіберді. Беделі өскенді белден басты. Өздеріндегі уыздай жас келіншектің күйеуін соттатып жіберіп, өзін қуыршағына айналдырды. Зейнеткерлікке шыққаннан кейін тағы бір жыл істеп, ақыры бір күні атынан аударылып қалды. Содан кейінгі шаруасы өзін адам қылған мекемесінің үстінен арыз жазу. Содан тапқан абыройы осы ма? » - Масадай ызыңдап өз ойлары өзін талап барады. – « Болары болды, бояуы сіңді. Бәрі де өтті-кетті ғой.      Енді бұлардікі не жорық?  Бірде - біреуі бұрылып келіп, амандық -саулық сұрамады –ау! Бірде- бірі мұны адам ғұрлы көрмеді-ау! Шынымен-ақ, барша таныс-жүздестеріме кешегі Зарыққан атым өшіпті, өліпті. Мені мына жұрт елемей тірідей жерлеп тұр.- «Тіріден өлген жақсы қадір кетсе», -қай-қайдағы бір өлең жолы есіне қайдан түсе қалғанын ойлап, өзінен- өзі шошып кетті. Зарыққан бір қараса, бәрі залға жайғасып, бұл есік алдында состиып жаңғыз қалыпты.     Ас дастарханына баруға дәті шыдамады. Теріс бұрылып, сыртқы киімін ала-мала атып шықты. Атып шыққанда да сол екпінмен заулап жатқан көлік жолына қалай жеткенін өзі де аңғармады. Көзді ашып




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу