11.12.2022
  249


Менің мамандығымның ерекшелігі

Бижанова Гүлшат Ибрагимқызы


Эссе


Менің мамандығымның ерекшелігі


…Бір дана келе жатса, алдынан теңіз суы жағасындағы балықтар мен жәндіктерді суға лақтырып тұрған адам жолығады. «Сен не істеп жатырсың?» — деп сұрайды дана адам. Ол «Көрмей тұрсың ба, мына қарғыс атқыр балықтар мен жәндіктерді суға лақтырып тұрмын»- деп жауап береді. Алдынан екінші адам кезігеді. Сондай сұраққа ол «Не істейін ойнап жүргенім жоқ, отбасымды асыраймын деп ақша табудың амалын жасап жүрмін», — дейді. Тап сондай іс-әрекет жасап тұрған үшінші адам кезігеді. «Ал сен не істеп жүрсің?» деген сұраққа ол: «мен мына теңіз жағасына су ағысымен шығып қалған балықтар мен жәндіктерге қайта өмір сүруге көмек беріп жүрмін» — деп қуана жауап беріпті. Барлығының да істеп жүрген жұмыстары өмірден жойылып бара жатырған балықтар мен жәндіктерді қорғау екен. Бәрінің орындап жүрген жұмысы бірдей, бірақ сол еңбекке қатынасы, көзқарасы әр түрлі…


Міне осыдан кейін өз мамандығыма тағы да бір жаңаша көзбен қарағандаймын. Қазіргі дамыған заманда жақсы психолог немесе жаман психолог деген атақты алу тек өз қолымда деп сенемін. Әр бір істі тек жан дүниеңмен, ақыл ойыңмен істесең ғана өз мамандығыңның шебері болуың мүмкін. Әсіресе психолог мамандығын таңдаған адамға жұмысты тек ақша табу немесе мансап қуу мақсатында орындау емес біреуге көмек беру, алдыңа келген оқушы болсын, ұстаз болсын, мейлі кез-келген адам болсын барынша психологиялық көмек беру басты парызың деп санау қажет. Мектеп психологының мектептің гүлденуіне, оқушылардың, ұстаздардың көңіл-күйіне тигізетін мақызы өте зор. Әр бір іс-әрекет психологиялық жұмыстан басталады. Керісінше қазіргі құжат, іс-қағаздар заманында тек қана қағазбастылыққа салынып психолог қызметіне мұхтаж жандарды шет қалдыратын кездер көптеп кетті. Сондай жағыдайда осы қағаз бастылықты екі есеге азайтып, уақытымыздың бар бөлігін оқушыға, мұхтаж жанға арнасақ нұр үстіне нұр болар еді. Әр бір оқушының ойымен санасып, ішіндегісін шығаруға мүмкіншілік беру, алдыңа келген адамды тыңдай білу психологтың негізгі қызметі.


«XXI ғасыр – психология ғасыры» — деп Энштейн бекер айтпаған шығар. Себебі қазіргі таңдағы балалар өте ерекше. Әр балаға  ақпараттық технологияның даму қарқыны қоғамның дамуына жақсы әсер етуімен қатар, оқушыларымыздың тәлім – тәрбиесіне, оқу үлгеріміне өз зиянын тигізуде. Оқушыларымыздың барлығы бос уақыттарында дерлік ғаламтор желісінде отырып агрессивті мінез – құлық қалыптастыратын ойындар ойнап, одан қалса көгілдір экран алдында шетелдік ән тыңдап, фильмдерін көріп отыратындығы барлығымызға аян. Аталған себептердің нәтижесінде оқушыларымыздың мінез-құлқында, тәлім- тәрбиесінде, өмірге деген көзқарастарында көптеген қиыншылықтар туындауда.Осындай жаңа туылған шақтарынан ақпарат легі шамадан тыс жоғары болғандықтан ба немесе қоршаған ортасына сай ма балалардың мектеп жасына дейінгі психологиясы ерте қалыптасады. Ал мектеп жасына жеткен баланың психологиясы да соған сай ауырлай, күрделене түседі. Бала өсіп, кемеліне жетем дегенше өмірге деген көзқарасын жағымды жағына тәрбиелеу психолог міндеті. Осы жағыдайда психолог бұл балалар болашақтың негіздері, болашақ жастардың қолдарында деген түсінікпен тәрбиелік маңызы зор жұмыстар жүргізуі қажет. Мектеп қабырғасына жаңадан келген оқушыға жеке-жеке көмек көрсетуі қажет. Осы қажеттілік оқушы өскен сайын да арта түседі. Қажеттілік артқан сайын жұмыс та көбейе түседі. Болашақта әр мектепте бірнеше психолог мамандары жұмыс жасауы тиіс. Кез келген баланың адам болып қалыптасуына психолог тікелей міндетті.


«Әр бір мұғалім – психолог» деген ұғым бар. Бірақ бұған мүлдем келіспеймін. Кез-келген мұғалім психолог бола алмайды. Себебі мұғалімнің міндеті білім беру, соған сай көзқарасы да өзгеше болып келеді. Ал психологтың басты  міндеті балаларға өмір сүруді үйрету, өмірге көзқарастарын қалыптастыру, еркін болу, ойын еркін айта біруге үйрету, бала жанын жан-жақты түсіну, өз құқығын қорғай алуды үйрету. Бұл менің тәжірибемде талай кездесуде. Кейде оқушыларды қоғаймын деп ұстаздардың ойымен келіспей қаламын да. Бірақ түбінде мен баланы қоғап шығу міндетім. Ал ұстаздарға  «оқушы ермексаз сияқты, қандай мүсін жасап алғың келеді, ол өз қолыңда» — дегім келеді. Егер ұстаз, ата-ана, психолог бірігіп жұмыс жасайтын болсақ кез-келген баламыздан жақсы мүсін шығарар едік. Бұдан психолог мамандығының екекшелігі айқын көрінеді.


Бала кезден арманым біреуге көмек беру еді. Бірақ сол арманыма мектеп бітіре сала қол жеткізе алмадым. Материялдық жағыдайға сай басқа мамандық иесі болуға тура келді. Бірақ бала арманға қол жеткізу мақсатында адамдарға қалайша көмек беруге болатынын көп ойладым. Ойлана келе мүмкіндігімді  сынауға бел будым. Арман талпынсаң, алға ұмтылсаң орындалады екен. Аллаға шүкір мақсатыма жетіп педагог-психолог мамандығын игердім. Педагог мамандығы біздің елімізде осы күнге дейін толық дами қойған жоқ. Әлі күнге дейін көп ата-аналар, оқушылар  санасында психолог есі кем адамдармен жұмыс жасайды деген түсінік қалыптасқан. Осы түсінікті жою кезеңінде оқушылардан бұрын ата-аналарға психологиялық жұмыстар көптеп қажеттілік етеді. Ал қазіргі жас ұрпақтарымызға психологиялық көмек нақты, түсінікті, қажеттілігі, психолог пайдасы, психологиялық көмек орнымен көрсетілсе, болашақта психолог жұмыс жасауынан қорықпайтын, қажет уақытында дер кезінде психологпен қарым-қатынас жасай білетін ата-ана тәрбиеленеді деп сенемін.


Менің  мамандығым негізінен күрделі де қызықты мамандық. Мектептің барлық жұмыс жасау процесі психологиядан басталады. Себебі, көңіл-күйі жоқ ұстаз, ашулы, сабаққа зауқы жоқ оқушы арасында білім алу мен білім нәрінсіңдіру болмайды. Әр бір жанға психологтың керекті жұмыс жасауының маңызы зор. Кей уақыттарда адамдармен жұмыс жасау барысында бар энергиямды соларға арнап шаршап қалатын жайым да болады. Бірақ жұмысым нәтиже көрсеткенде, оқушщыға сенім ұялаитқанда, оқушының бойына үміт оты пайда болғанда, оқушы саған деген сенім білдірген көздерін көргеніңде керемет сезім пайда болады. Әр бір таңғажайып балалардың әлемін зерттегенде, олардың күлкісіне, қуанышына рахат әсер алғандай боламын!


Қорытындылай келе менің мамандығымның ерекшелігі– үнемі кез-келген адамға көмек беру, дұрыс жол көрсету. Мектепте ата-ана, оқушы, ұстаз деп үштік одақ құру арқылы біріктіріп жұмыстар жүргізу.Үштік одақпен әр түрлі бағыттағы жеке және топтық жұмыстар жүргізілуі тиіс. Яғни  педагог-психологтардың басты міндеті оқушылардың жас ерекшклігіне қарай білім беріп қалыптастыру болып табылатын болса, оқушылардың жас ерекшелігіне байланысты  Л.С.Выготский   бастауыш мектеп, кіші мектеп және жоғарғы мектеп оқушылары деп үш топқа бөліп қарастырды. Осы үштік одақтың ішіндегі үш топты бір-бірімен жүйелеп жұмыс жүргізгенде белгілі бір нәтиже шығатыны анық. Қазіргі педагог-психологтың алдына: болашақ өркениетті, дәстүрлі демократиялық мемлекетті құратын жас ұрпақтың ең әуелі адамгершілік қасиеттерін қалыптасиырып, содан кейін оның жан сапасын, тән сапасын арттырып, техникалық прогреске сәйкес жан-жақты қолданбалы білім беру міндеттері қойылады. Мамандықтың қыр сырын түсінген адам бұл жұмысты жалғастыра алады. Мамандығым ерекше, болашақтың негізгі мамандығы екеніне көзім жетеді. Мамандығымның қыр сырын толық ждетік біліп, үйрену үшін әлі талай жұмыс жасап, талмай еңбек етуім қажет. Менің мамандығымның ерекшелігі осында. Атам қазақ  «адам өмірден екі нәрседен қателеспеуі керек. Біріншісі мамандық таңдау, екеншісі жар таңдау!», — деген екен. Ендеше біріншісінен қателеспеген екенмін!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу