11.12.2022
  238


ЭССЕ

Бейсембаева Гульзира Мухтаркановна


Адам  баласы  шын мәнінде білімді болуы үшін үш қасиетті: жан-жақты  білім, ойлауға дағдыланғандығы, және сезім қажет. Әрбір оқушының өн бойына осы қасиеттерді сіңіріп, жаңашыл үрдіспен еңбек ететін болсақ,бәсекеге қабілетті тұлғаны қалыптастыра аламыз. Мен өз іс тәжірибем мен білім беру тәсілдерімді өзгерту арқылы оқушыларымның да білім алуға деген көз қарастарының өзгергендігін байқадым және де алдағы уақытта «Тиімді  оқыту» бағдарламасының жалғасын тауып, әрі қарай жетіле түсуім үшін нақты мақсаттар мен нәтижелі іс- әрекеттер керек екенін түсіндім. Сондықтан, мен болашақ мектеп тренері ретінде мұғалімге тән педагогтық қарым — қатынас әрекетінің мәні мен мазмұнын ашып, ұстаздарды табысты оқуға жетелеуім қажет.Осы «Тәжірибедегі рефлексия» курсына оқуға келгеннен  бері менің өзімде өзгерістер  бола бастады. Бағдарламаның түйінді идеялары мен мазмұны мұғалімдердің тиісті сапылық деңгейге қол жеткізуіне бағытталған. Ол сапалық деңгей мұғалім өзін кәсіби тұрғыдан ой толғауға қабілетті, өзінің оқыту және оқу тәжірибесін өзгертуге дайын маман ретінде таныту үшін қажет. Бағдарламаның жетекші мақсаты әрбір ел үшін  маңызды болып  табылатын рухани, мәдени және адамгершілік  құндылықтардың негізінде жастарды өз елінің мәдениетін құрметтеуге тәрбиелеу; екіншіден — жастарды жылдам  өзгеріп  жатқан  әлемде өзіне  сенімді және табысты болуға мүмкіндік беретін дағдылары  мен түсініктерін  дамытуға, өмірлік  оқиғаларда  өз білімдерін қолдануға ықпалын тигізетін  сыни тұрғыдан ойлауға  үйретуді қамтитын мұғалімдерді дайындау.Мен мектеп тренері ретінде өзім де заманауи әдіс-тәсілдерден құралақан болмауым керек деп санаймын. Қазіргі мектепке қойылатын талапты ғана біліп қоймай, түсінуім де қажет, қолдануым да,үйретуім де керек. Басқаша айтқанда кез келген мұғалімнің орнына сабақ бере алатындай, мұғалімге үйрете білетіндей деңгейде дағдыларымды дамытуда әліде ізденемін . Сондықтан мен оқыған курс жаңарудың бастамасы деп қабылдаймын. Заман ағымынан қалып кетпеу үшін, көшбасшылық міндетті лайықты орындау үшін кәсіби білімімді үнемі шыңдап отыру қажеттілігін түсіндім. Осыны ойлай келе, курстан алғаным көп деп санаймын. Бүгінгі оқу – ертеңгі күннің азығы деп балаға үнемі айтушы едік, мәнін енді түсінгендеймін… Өзімді дамыту және басқаларды дамыту, басқару стилінде инновациялар енгізуді толық мәнінде түсіне білу курстың мен үшін бергені көп. Бағдарлама әдістерін өз мектебіме енгізіп, оқушыларға жоғары сапалы білім беріп,олардың өзгеріске бағытталған жақсы нәтижелерге қол жеткізуіне барынша жағдай жасайтын ұстаздарды дайындау. Бағдарламаны оқудың бірінші кезеңінде тренерлердің үйретуімен жаңа әдіс-тәсілдерді, мұғалім білім әкелуші роліне оқушының өзін қойып,оқушыға білім беру емес,оқушыны білім ала білуге үйретуді танып білдім, практикалық кезеңде сындарлы оқытудың мәнін түсіне отырып, өзімнің педагогикалық тәжірбиемді оқушының алған білімі келешекте өзіне азық боларын негізге алып жетілдірдім. «Ізгі кісінің жанында үш қателікке жол беріледі; сөйлемейтін кезде сөйлеу – асығыстық, сөйлеуге тиіс кезде сөйлемеу – бұл тұйықтық және әріптесінің бет-әлпеті өзгеруіне қарамай сөйлеу – көрсоқырлық. ізгі кісі өз абыройына сай емес іс туралы ойламайды. ізгі кісі көп сөйлеуге ұялады, ал іске келгенде тойымсыз болады. Біреулерге  баға бергіш  адамды жетілген  кісі   деуге  болмайды. Ізгі кісінің оған уақыты жоқ. Ізгі  кісі тапшылықта да өзін сақтайды, қиындықта ұстамды келеді, нашар адам босаңсып кетеді. Ізгі кісі өзіне талапшыл. Нашар кісі өзгеге талапшыл. Адамгершілігі мол кісіде мына бес қасиет болуы керек: кісіге шын құрмет, кең пейілдік, шыншылдық, зеректік, мейірбандық. Біріншісі- жарымсақтануға жол бермейді, Екіншісі – барлығын бағындырады, үшіншісі – адамдардың көңіліне сенім ұялатады, төртіншісі – жеңіске жетуге мүмкіндік береді, бесіншісі- адамдарды басқаруға мүмкіндік туғызады» деген Конфуций сөімен қортындылағым келді.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу