Эсселер ✍️

  09.12.2022
  415


Инклюзивті білім беруде ерекше балалардың мүмкіндіктері мен ерекшеліктері (эссе)

Аязбекова Айгул Ерубайқызы 


 


Оқу білім – жанға шырақ ойласаң,
Үйренерсің, іздеп көрсең, қоймасаң.
Қу өнерді бу беліңді жігер сал,
Пайда аларсың, қаужанарсың тоймасаң


Ж.Аймауытов.


Ұстаз балаға білім беретін жас ұрпақты тәрбиелейтін, өзгенің баласына өз баласындай жақсы көріп, қамқоршы болып, солар үшін дұға тилейтін ұлағатты тұлға. Менің ойымша Ұстаз болу әркімнің басына бұйыра бермейтін бақ. Ұстаз болу үшін жақсы білім алып, тыңбай еңбектену керек. Әрине жұмысы оңай емес. Себебі тәрбиелі де білімді ұрпақ тәрбиелеу міндеті ол біздің мойнымызда. Бірақ мен үшін балаларға білім беру, армандарына мақсат мүделеріне жеткізетін жолды көрсету, оқушыларымның  биік белестерден көрінуі ең бір асыл қазына, ең бір керемет марапат болып саналады.


Әрбір мемлекет қоғамында мүмкіндігі шектеулі балалар өмір сүріп, білім алып, тәрбиеленуде. Олар белгілі бір ортаға, қоғамға тәуелді. Мүмкінділігі шектеулі балалардың денсаулығын қадағалау дәрігерлердің қызметі болса, тәрбиеленуі ата-аналар құзырында, ал білім беру мен тәрбиені қатар ұйымдастыру педагог-психологтардың міндеті. Қазіргі таңда инклюзивті білім беру кеңінен қолданылуы етек алып келеді.


Меніңше мектептегі үлгермеушіліктің негізгі себебі мектептегі білім беру жүйесінің баланың интеллектуалдық жүйесіне сәйкес келмеуі. Ал біз болсақ, білім беру бағдарламаларын күрделендіру үстіндеміз. Баланың меңгеру деңгейін, оның жас ерекшелігін назарға алмай, бір жағынан баланың жаңа бағдарламамен оқуы қиынға соғатынын түсіне отырып, оны беделді мектепке, мықты мұғалімге беруге тырысамыз. Қазіргі уақытта арнаулы білім берудегі нақты прогресске бірнеше факторлар: мүгедек оқушыларға қатысты үміттің аздығы, инклюзивті білім беруге мектептердің дайын еместігі кедергі келтіруде


Арнаулы білім беруді кез келген білім беру реформаларының бағдарламаларына енгізу, жоспарлау кезінде мүгедек балалардың нақты мүмкіндіктерін ескеру, білім сапасын жақсарту және оны алуға қол жеткізуді қамтамасыз ету, арнаулы заңдарды әзірлеу, ерекше білім алу қажеттіліктері бар адамдардың санаттарының құқықтарын қамтамасыз ету осының барлығы жағдайды едәуір өзгертіп, барлық адамдардың білім идеяларын іске асыру үшін алғышарттар жасап, үйден оқыту мәселесін қатаң қадағалау қолға алынып отырмыз. Еліміздің Білім заңында барлық бала жалпы орта біліммен қамтылуы жазылса да, өкінішке орай мүмкіндігі шектеулі балаларды оқыту өзекті мәселе болып отырғаны баршамызға аян.     Лев Семенович Выготский: «Бала бойындағы кемістігін толықтырудың екі түрлі ерекшелігі бар, оның бірі – бала психикасының даму шамасына орай тәрбие талаптары, екіншісі – кемістігін қалпына келтірудегі өз бойындағы ерекшеліктері мен мүмкіндіктері» — деп атап көрсетеді.Менің ойымша дене кемістігімен ауру адамның әлеуметтік өміріңдегі мінез-құлқының ауытқуына әкеп соқтырады. Әулеттегі кеміс балаға көбірек қамқорлық көрсетіп, оған басқа балаларға қарағанда ерекше көңіл бөлінсе,  бала басындағы бақытсыздық бәрінен бұрын оның маңындағы жақын адамдардың жанашырлық сезімін оятып, оған деген көзқарастары мүмкін өзгерер меді.  Кез келген жанұяда кеміс балаға деген көзқарас оны басқа түскен масыл, не тағдыр жазасы деп санамай, қамқорлық пен мейірімділік құшағында болса, балаға деген мұңдай қамқорлық оған күшті әсер етіп, ол өзін басқа балалардан бөлексіткендей сезінбеспеді.


Мүгедек және дамуларында шектеушілік бар балаларды инклюзивтік оқыту практикаға мамандандырылған мамандарды даярлау, оларды жалпы түрдегі мекемелерде оқыту үшін жағдайлар жасау және қоғамның мүгедек балаларға деген көзқарастарын өзгертумен бірте-бірте енгізілуі керек деп ойлаймын.


Қазіргі кезде мектептерде кемтар балаларды қамқорлыққа алып, олардың қалыптасуына және айығуына мүмкіндік жасап, өз бетімен өмір сүруіне бағыт-бағдар беруге арнайы дайындық жүргізілуде.


Әр оқушының үлгермеу себебін анықтап, мүгедек баланың диагнозына қарай жұмыс жүргізу, оқушының білімге деген құлшынысы артырып, өзіндік дарындылығы айқындалады деп ойлаймын. Жаңаша білім берудің негізгі тәжірибелік міндеттерін шешуде мектептегі жаңалықтармен дамуды, қолданылған әрекеттер мен құралдардың тиімділігін диагностикалау негізінде анықтауға болады. Осыған байланысты педагогтар өз қызметінің объектісіне әлеуметтік психологиялық және педагогикалық мінездеме беріп, танып, білумен зерттеу әдістерін меңгерулері керек. Дидактикалық ойындар арқылы мүмкіндігі шектеулі балалардың ойлау қабілетін дамытумызға болады.


Әр оқушыға арналған жеке даму бағдарламасы олардың өзіндік дарындылығын ашып, өмірдегі өз орнын, өз мамандығын табуға көп көмек болар еді. Осындай орталықтар жұмысын жүйелеп отыратын, мүмкіндіктері шектеулі балалармен жұмыс істейтін медициналық — педагогикалық орталықтарды көптеп ашса, кемтар балаларды зор қуанышқа бөлер еді. Егер жалпы білім беретін ордаларда жоғарыда айтылған ұсынылымдарды есепке алып, сол бойынша инклюзивті білім беретін болса, мүмкіндігі шектеулі балалар да басқа балалардан қалыс қалмайтыны анық болар еді.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу