Эсселер ✍️

  07.12.2022
  133


Эмоционалдық күйдің қоршаған ортаға әсері

Жубаназарова Н.С.


Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ


психология ғылымдарының кандидаты


 


Сәтекова М.Н.


Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ


қолданбалы қазақ тілі мамандығының 1-курс магистранты


 


 


 


Қоғаммен дұрыс қарым-қатынас орнату үшін адамның психологиялық эмоционалдық күйі өте маңызды орын иеленеді.
Біз білдіретін эмоциялар біздің сол эмоцияларды шынайы бастан өткізетімізді әрдайым дәйектей бермейді. Эмоционалд еңбекті талдау үшін, біз эмоцияларды сезінетін немесе білдірілетін көрсетілетін деп бөлеміз. Шынайы эмоциялар – бұл біздің нағыз эмоцияларымыз. Керісінше, бейнеленетін эмоциялар – бұл, нақты жағдайларда кәсіби қызмет барысында ұйымның қызметкерлерден талап ететін және орынды деп санайтын эмоциялар. Мысалы, зерттеулер көрсеткендей, АҚШ-дағы жұмыс орындарында қызметкерлер әдетте қорқыныш, ашу-ыза, жеккөрушілік пен жаратпаушылық сияқты теріс эмоцияларды басып, бақыт пен толқу сияқты оң эмоцияларды көрсетеді. Сондықтан жаңа қызметкерлерді корпоративтік эмоциялық құндылықтарға үйрету үшін күлкі күні немесе оң эмоциялар күні сияқты шаралар жиі өткізіліп тұрады. Бұл шаралардың басты мәні – қызметкерлерді ұйымның олардан күтетін эмоцияларға ынталандыру. Бұл қызметкерлерді өз эмоцияларын бақылауға үйретеді. Жалған эмоциялар көрсету/бейнелеу бізден өзіміздің шынайы эмоцияларымызды басуды қажет етеді. Ережелерге бағыну мақсатында жасалынатын беткейлік әрекеттер ішкі сезімдер мен эмоциялық білдіруді жасырады. Беткейлік қолданыс тәсілі, сөзбе-сөз айтқанда, нақты жағдайға тиісті жауапты қызметкер бетіне жамайды, мысалы, сіз шынайы сезінбеген кезде клиентке қарап жымию. Сондай-ақ күн сайын бейнеленетін үстіртін эмоциялар үйде эмоционалдық сарқылуға, жұмыс пен отбасы арасындағы қақтығысқа, ұйқысыздыққа алып келуі мүмкін. Жұмыс орнындағы күнделікті үстіртін әрекеттер сарқылуы, стрестің/күйзелістің ұлғаюына, жұмыспен қанағаттанудың төмендеуіне алып келеді. Осыны түсіне отырып, тәжірибелі және нәтижелі менеджер күйзеліс қарсаңында тұрған қызметкерлердің демалу және қайта күш жинап, қуатталу мүмкіндігін ойластыруы қажет. Мысалы, нұсқаушы-черлидерлердің үзілістерді өз жұмыстарында қолдануын қарастырған зерттеу, үзілістер кезінде тоқтамай жаттыққандарға қарағанда үзіліс уақыттарын демалыс пен ұйқыға бөлгендердің неғұрлым тиімді болатындағын анықтаған. Шын мәнінде, бұл нейрофизиологияда бұрыннан белгілі құбылыс: реакциялар

Эмоцияналдық келіспеушілік және саналылық Қызметкерлер шынайы эмоцияларын жасырып, жалған эмоцияларды бейнелеуі қажет болған кезде туындайтын сәйкессіздік эмоцияналдық диссонанс деп аталады. Ұзақ мер- зімді эмоциялық диссонанс кәсіби шаршаудың, еңбек өнімділігінің азаюы мен жұмыспен қанағаттанудың төмендеуінің предикторы болып табылады. Эмоцияналдық диссонанс әсеріне қарсы тұру маңызды. Нидерланды мен Бельгияда жүр- гізілген зерттеулер үстіртін эмоциялар көрсету қызметкерлер үшін стреске толы болғанымен, саналылық – дәл осы кездегі өзіміздің эмоцияналды жағдайымызды объективті түрде әдейі бағалау – эмоциялық сарқылумен теріс корреляцияға ие болып, жұмыспен қанағаттануға оң әсерін тигізетінін дәлелдейді. Адамдар өздерінің эмоциялары мен уайымдары туралы арнайы хабардар болғанда, олар жағдайға жеңіл және объективті қарайды, яғни берілген жағдайды когнитивтік түрде қарастырады. Эмоциялық реакциялар интуитивтік немесе ұйым- дастырушылық деңгейде болуы мүмкін. Келесі кезекте талқыланатын эмоцияналдық оқиғалар теориясы ұйымдардың ұйым ішінде эмоцияналдық реакциялар мен жұмыспен қанағаттануды қарастыратын микроклимат құру қажеттілігі мәселесін шешуде қолданылады.
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ филология факультетінің магистранттары оқитын «Басқару психологиясы» пәнінде семинар сабағында осы эмоциялардың негізі мен оларды реттеу жолдарын қарастырдық. Жалпы және қолданбалы психология кафедрасының профессоры психология ғылымдарының кандидаты Н.С. Жубаназарова дәріс барысында эмоционалдық күйдің психологиологиялық деңгейлерін түсіндіріп қана қоймай, қоғамда тұлғаның өзін ұстай білуі үшін эмоциялық күйді қалай реттеп отыру керектігін талқыладық.
Қорытындылай келе, эмоциялық интеллект тұлғаның ішкі менін қалыптастырып, қоғамдық ортада өзін дұрыс көрсете алуына, адамдармен жақсы қарым-қатынас орната алуына тікелей әсер ете алады. Қазір интелектуалды интеллектпен қатар қарастырылатын, өзінің маңыздылығымен орын алатыны - EQ деп аталып жүр. EQ-і жоғары адам өзін шың­дай түседі. Өзіне сұрақ қоюға, мәселені шешуге бейім келеді. Ол бәрін жеңіл қабылдауға тырыса­ды. Бұл оған мотивация сыйлай­тыны шүбәсіз.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу