Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
04.12.2022
507
Мендей ғашық бар ма екен
Мендей ғашық бар ма екен
(ән үшін)
Ғашықтарда мендейлер аз табылар,
Менен гөрі мен сүйгеннің бағы бар.
Менің санам сағынғанда қалқашын
Көңілі емес, көйлегін де сағынар.
Сәл кешігіп келсе кейде шырайлым,
Қайда, кімнің кезіккенін сұраймын.
Тіс жармаса, тісім емес, ерніммен
Құлағының сырғалығын бұраймын.
Ол болмаса гүлі солған күздеймін,
Бырақ, әсте, үмітімді үзбеймін.
Қапалансам қалдырдың деп кімдерге,
Бұлытты күні көлеңкесін іздеймін.
Торғайымдай қорғағаным аз болса,
Жолында оның жорғалайын мәз болса.
Көзіндегі күнге күйсем арман жоқ,
Жаны оның жадыраған жаз болса.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter