02.12.2022
  182


Автор: Фариза Оңғарсынова

СӘЛЕМ БЕРУ

Əсем – үздік оқушы. Мінез-құлқы да жақсы. Өлеңжырды көп оқиды. Сондықтан оған оқушылардың демалыс үйіне жолдама берілді.
Анасы Əсемнің киім-кешегін дайындап, əрі қуанып,
əрі «бұрын алыс жолға шықпап еді» деп дайындап жүр.
Ертең жүреді деген күні:
– Алыс жолға жүрейін деп отырсың, ауылдағы үлкендерге сəлем беріп, амандас, – деді.
Əсем дос қызымен Бəтен, Патша апаларға, Бақтыгерей, Мұхиден аталарға барып сəлемдесті.
– Ертең демалыс үйіне барғалы жатыр едім, сіздермен қоштасуға келдім, – деді сəл ұяла сөйлеп.
– Оң сапарың болсын!
– Аман жүр, қарағым!
– Өркенің өссін! – деп үлкендер риза болып, бата-алғыстарын айтып, үйлерінен дəм татқызды.
Ұзақ жолға аттанарда немесе алыс сапардан я қаладағы оқудан келген бала, жасы кіші адам ауылдағы үлкендерге сəлем беріп, осылайша амандасады.
Бұл – əдептіліктің, үлкенді сыйлай білетін мəдениеттіліктің белгісі.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу