02.12.2022
  218


Автор: Фариза Оңғарсынова

СҮЙІНШІ

Ауылдағы жеміс ағаштарының түбін қопсытып жүрген Болат тоқтаған машина дыбысы шыққасын қақпадан қарап еді – əскер қатарында азаматтық борышын атқарып жүрген ағасы Асылбек түсіп жатыр!
Болат қора жақта жүрген атасына жүгірді:
– Ата, ата! Сүйінші! Асылбек ағам келді!
Екі жыл бойы сағынған Асылбекті көріп, үй-іші  мəре-сəре болып қуанып қалды.
Кешкісін атасы қалтасынан ақша алып, Болаттың əкесіне ұсынды.
– Болатжан сүйінші сұрап еді, Асылбек аман-есен оралды, жақсы хабарға сүйінші бермеуге болмайды.
Мынаған ертең Болатқа велосипед əкеліп берші, – деді
Абдол ақсақал баласына.
Жақсы, қуанышты хабар айтқан адамға «сүйінші» беру – халқымыздың дəстүрлерінің бірі.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу