Әңгімелер ✍️
Әңгімелер ✍️
02.12.2022
189
«АЯҚТАНДЫРУ»
Есжанның ағасы Алмабек үйленді, жас келін Жанар ибалы, сүйкімді қыз екен. Есжанның анасы Сағира келген адамдарды қуана қарсы алуда.
– Балаңды аяқтандырып жатыр екенсің, құтты болсын!
– Қуанышың ұзағынан болсын! – деп, ауылдастары Сағираның қуанышын бөлісіп жатыр.
Ер бала үйленгенде, «Баламыз аяқтанды» дейді.
Ал қыз бала ұзатылғанда, «Қызымыз тұрмысқа шықты» немесе «Тұрмыс құрды» дейді.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter