Әңгімелер ✍️
![](/uploads/shorttexts/author_image/photo5208474477736868270vapvap.jpg)
«БҮЙРЕКТЕН СИРАҚ ШЫҒАРУ»
Оқыс, шетін, ерсі іс істеген адам жайлы:
– Өзі ылғи бүйректен сирақ шығарады да жүреді, –
деп кейістік білдіре айтылады.
Малдың бүйрегі қай жерде болатынын зоология оқулығынан білесіңдер. Ендеше, сирақтың бүйректің ішіне түсуі – тіпті мүмкін емес нəрсе. Яғни, өте ерсі, мүмкін емес істі, ой-пікірді дұрыс нəрседей дəлелдеуге тырысқан адам туралы айтылады.
... Жарқын дастарқан басында үлкендердің сөзіне құлақ түріп отыр еді. Əңгіме қабырғасы қаланып біткен қораның шатырын жабатын материалдың жоқтығы жайлы екен.
– Колхоз гаражының жанында тесіліп қалған темір бөшкелер жатыр, соларды əкеліп салуға болмай ма? –
деді Жарқынның сегізінші оқитын ағасы Алмат.
– Қалыңдығы екі елі темір бөшкені қалай кесесің?
Əй, балам-ай, бүйректен сирақ шығармай отырмайсың-ау, – деді əкесі.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇