Әңгімелер ✍️
Әңгімелер ✍️
02.12.2022
146
«БЕТ-АУЗЫ БҮЛК ЕТПЕЙ»
Клара мен Роза дос болып жүретін. Роза – оқу озаты.
Ол сабағы нашар Клараға талай уақытын бөліп, көмектескен. Бірде Роза сырқаттанып, біраз жатып қалды.
Кластастары кезектесіп барып жүрді. Клара бір рет барды да, кейін досына соқпайтын болды. Құрбылары:
– Сен Розаға неге бармайсың, досың емес пе? – дегенде, ол тұрып:
– Қайдағы?! Мен онымен дос болып па едім? – деді бет-аузы бүлк етпей.
Өтірік айтатын, жақсылықты бағалай білмейтін, тек өзіне пайдасы тиетін уақытта біреуге жалбаңдайтын адамды осылай сипаттауға болады.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter