Өлеңдер ✍️

  27.11.2022
  1244


Автор: Тәуелсіздік күні

Үш бәйтерек, бес арыс

Үңілдірсе тарихқа ой тереңі, 


Есте сақтар қазақтың байтақ елі. 


Ілиас, Сәкен және Бейімбет қой, 


Қазағымның алып үш бәйтерегі. 


 


Елі үшін күндіз-түні толғанатын, 


Бес арыс-Шәкәрім мен Мағжан ақын. 


Жүсіпбек пен Міржақып және Ахмет, 


Адамдар болған екен елге жақын. 


 


Сұлтанмахмұт елінің күні еді ғой, 


Дөнентаев халқының үні еді ғой. 


Мұстафа Шоқай  аңсап еркіндікті, 


Елі үшін жанын қиған ұл еді ғой. 


 


Тәуелсіздік бәріне болып арман, 


Ел тағдырын қолына алған. 


Ел-жұртын сүйгені үшін кінәлі боп, 


Мерт болған бәрі дінсіз тағылардан. 


 


Тәуелсіздік таңы атып енді бүгін, 


Күні туды қазақтың елдігінің


Қазақстан-тәуелсіз елде туған, 


Бақытты Отанымның мен гүлімін. 


           Берік Алтынай Айбекқызы 




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу