Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
24.11.2022
468
КӨҢІЛ КҮЙІ
КӨҢІЛ КҮЙІ
Кездескелі өзіңмен басқа адаммын,
Көңілді күн менде аз, басқада мың.
Сағыныш па білмеймін, неге, Күнім?
Түнмен бірге келеді баспалап мұң.
Тұмшаласа сансыз ой адастырып,
Маза кетер көңілден аласұрып.
Сені ойласам ұйқысыз таң атырам,
Күн мен түнді алғандай алмастырып.
Жүрек шіркін өртеніп жалын құшқан,
Кеуде ұрып тулаған сағыныштан.
Кейде адамдай сенделем ойға батып,
Сүрлеуінен тағдырдың жаңылысқан.
Жүрек соғып тұрса да бүлкілі өсіп,
Құлазиды-ау қу көңіл бір түрлі өстіп.
Ақ қанат құс арманым қанат бітіп,
Менен ұзап кетердей бір күні ұшып.
Иә, Күнім, шынымен басқа адаммын,
Бақыттымын сағыныш басса да мұң.
Қолымдағы бағымды тартып алар,
Тек тағдырдың қырынан жасқанамын.
ЕРКІН ОРАЛБАЙҰЛЫ
Кездескелі өзіңмен басқа адаммын,
Көңілді күн менде аз, басқада мың.
Сағыныш па білмеймін, неге, Күнім?
Түнмен бірге келеді баспалап мұң.
Тұмшаласа сансыз ой адастырып,
Маза кетер көңілден аласұрып.
Сені ойласам ұйқысыз таң атырам,
Күн мен түнді алғандай алмастырып.
Жүрек шіркін өртеніп жалын құшқан,
Кеуде ұрып тулаған сағыныштан.
Кейде адамдай сенделем ойға батып,
Сүрлеуінен тағдырдың жаңылысқан.
Жүрек соғып тұрса да бүлкілі өсіп,
Құлазиды-ау қу көңіл бір түрлі өстіп.
Ақ қанат құс арманым қанат бітіп,
Менен ұзап кетердей бір күні ұшып.
Иә, Күнім, шынымен басқа адаммын,
Бақыттымын сағыныш басса да мұң.
Қолымдағы бағымды тартып алар,
Тек тағдырдың қырынан жасқанамын.
ЕРКІН ОРАЛБАЙҰЛЫ
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter