Өлеңдер ✍️

  24.11.2022
  591


Автор: Еркін Оралбай

Кешір мені

 


КЕШІР МЕНІ

Қош деген соң ашуға ие болмай,
Көңілім хош демеспін, жеңіл демім.
Ел секілді құр сөзбен сүйе алмай,
Менің кінәм, сезімнен жеңілгенім.

Қызғаныш ит, ақылды жиі арбай,
Күлдей көкке ұшырды арманымды.
Тастай қатты сабырдың күйі қалмай,
Кір түсірдім еріксіз арға құнды.

Лүпілдері бір соққан жүректің де,
Өкпе, реніш көп естіп, сағы сынды.
Қызғанышқа санамды құл еттім де,
Бірге көрген бақыттың шағы тынды.

Түнді өткізіп ұйқысыз, күте берем,
Атқан таңды үмітпен әрбір жаңа.
Сіңді сезім жүрекке өте терең,
Оны өшіре алады қабір ғана.

Ашулансам, қызғансам сүйгенімнен,
Емес еді бұл менің есім кемі.
Шын сүйгеннен осындай күйге еніп ем,
Кешіре алсаң кеш күнім, кешір мені!

ЕРКІН ОРАЛБАЙҰЛЫ 18.11.2022



Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу