Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
17.11.2022
336
Сөз байлығы Қазақтың міне осындай...
Армансыз адам алаңсыз,
Алаңсыз адам аңдаусыз.
Аярсыз адам аямпаз,
Арамза адам ажарсыз.
Әбестік әсте әбігер,
Әдепсіз әке әумесер.
Әулие әнбиді әспетте,
Әлдіден әмір әпсәтте.
Бозбала болбыр болғасын,
Батырлық бойда болмашы.
Бабалық бағдар баянды,
Бағытыңды болжасын.
Бәтуәсіз безер беделсіз,
Бел-белес болмас бедерсіз.
Батырлық-байлық барында,
Бассыздық болар барымта.
Көл - көсір көмек көпсінбе,
Көпе - көрнеу кексінбе.
Кекірейген кекшіл келбетің
Келмеске кері кетсінде.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter