Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
15.11.2022
415
Жаңа жылдың сәні ол
Жап-жасыл боп тұратын қысы-жазы,
Жаңа жылдың сәні ол білесіздер.
Балаларды қолынан ұстап алып,
Шыршаны бұл айналып жүресіздер.
Шырша сәндеп жыл сайын жарқыратып,
Ортамызға қоямыз біз орнатып.
Балаларға тақпағын орындатып,
Түсіреміз суретке біз жайнатып.
Аяз ата қасында Ақшақар бар,
Әуелетіп біз әнге саламыз-ау.
Қызықты етіп қарсы алып жаңа жылды,
Балалардың көңілін табамыз-ау.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter