Өлеңдер ✍️

  15.11.2022
  297


Автор: Жаңа жыл

Жаңа жылдың бейнесі сендерсіңдер

Аяз ата, ақшақар қайдасыңдар,
Жаңа жылда кешікпей келіңдерші.
Жаңа жылдың бейнесі сендерсіңдер,
Балаларға сыйлықты берсеңдерші.

Қызықты өтер сендермен бұл жаңа жыл,
Суретке бір түсейік біэ жиналып.
Аяз ата, ақшақар бар деп ойлап,
Қаламыз-ау сендерге біз иланып.

Балалардың тілеген орындайтын,
Аяз ата өздерің білесіңдер.
Жаңа жылда сый жасап балаларға,
Қолтықтасып қуантып жүресіңдер.
Жібек Искакова




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу