Өлеңдер ✍️

  15.11.2022
  429


Автор: Жаңа жыл

Аяз атаға хат

Амансыз ба, аяз ата, қандайсыз?
Жаңа жылда бар жақсыны арнайсыз.
Сізді күтіп жүреміз біз жыл бойы,
Сағындырар бір ерекше жандайсыз.

Аяз ата хат жазғаным мен сізге,
Жаңа жылдың қуанышын бер бізге.
Елге амандық, тыныштық біз тілейміз,
Көктем, жазым шуақ шашып әр күз де.

Балалардың орындалып арманы,
Шуақты боп ата берсін таңдары.
Жаңа жылда кешікпей кел төріме,
Қуандырып аяз ата сен-дағы.
ЖібекИскакова




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу