Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
15.11.2022
182
Ақшақарым әдемі жүзің қандай
Жаңа жылға сұлулық рең беретін,
Ақшақарым әдемі жүзің қандай.
Балаларға ерекше сый беретін,
Сыңғырымен баурайтын үнің балдай.
Жаңа жылдың көрсетер бар ғажабын,
Ақшақарым айтшы сен сырың қандай.
Жаңа күннің кіргізер бар ажарын,
Жанға жайлы жанбысың атар таңдай.
Балалардың қуанышы сенбісің,
Жаңа жылдың сыйлығын ұсынатын.
Ақшақарым кел ортаға, келсеңші,
Жаңа жылда жөнің жоқ қысылатын.
Жібек Искакова
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter