15.11.2022
1252

Қоян жылы құтты болсын
Қоян жылы құтты болсын қазағым,
Аппақ мамық, қысы жылы күй беріп.
Аман болсын еліміз, тыныш болсын,
Жаратқаным жақсылықты сый беріп.
Бұл жаңа жыл жақсының бастауы боп,
Әрбір жанға шаттығын берсін деймін.
Әр қазағым күлімдеп бақыттан бұл,
Бал-бұл жайнап жарқырап жүрсін деймін.
Көңіліңде еш кірбің болмасыншы,
Қоян жылы жылулық сыйлап жанға.
Жаратқаным жар болсын лайым әркез,
Амандықта жеткізіп әрбір таңда.
жаңа жыл жаңа жылға тілек жаңа жыл құтты болсын Қоян жылы қоян жылы құтты болсын жаңа 2023 жыл құтты болсын
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇