14.11.2022
  989


Автор: Жаңа жыл

Жаңа жылыңмен досым (досыма)

Құттықтаймын досым жаңа жылыңмен,
Жаңа жылда бар жақсылық орнасын.
Абыройың армандарың асқақтап,
Қуаныштар таба берсін жалғасын.

Жаңа жылың күндей болып нұр шашсын,
Шаттығы мен бақытына бөлеп тек.
Аман жүрші денің сау боп досым-ау,
Ден сау болсын, одан басқа не керек?!

Жете берші табысқа сен жаңаша,
Мақсаттарың орындалып бір демде.
Отбасыңда құт-береке орналып,
Амандықта тек күлімдеп жүр сен де.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Комментарии

Айару
Айару 29.12.2023 01:25
Досыма

Пікір жазу