Өлеңдер ✍️
Қиналасың, қалтаңды қағасың...
Сөзім тиер таныс, сыйлас жақынға,
Айту міндет дер кезінде ақынға.
Алдынды ойла, Алланы ойла, ағайын,
Жыйған байлық жеткен емес ғасырға.
Ет бағасын жұма сайын көтеріп, Жыйнап
алған маңайына нөкерін. Килосына үш
жүз теңге аз болды,
Құны қазір төрт-бес жүзге жетеді.
Төрт-бес жүзге көтерді еттің бағасын,
Айыру жоқ бай, кедейдің арасын.
Қыйналасың, қалтаңды да қағасың,
Сорпа керек, амалың жоқ аласың.
Кіріс оған кіріп жатыр күн санап, Байып
алды, енді жалшы жұмсамақ. Қонақты
да шақырмайды, бармайды, Оған тіптен
болмай жатыр мұрша да.
Кім ойлайды қанағатты, ағайын,
Алдын-ала естеріңе салайын.
Сатушы емес, сен алушы болғанда,
Арандаудың тартарсың бір сазайын.
Жақсы, жаман өмір сүрмек өлмеген,
Өлмегенге бұл дүние дөңгелек.
Айтыңдаршы қанағатсыз жандарды,
Өлеңіммен сала алам ба жөнге мен?
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter