Өлеңдер ✍️

  12.11.2022
  404


Автор: Дәмелі Құсайынқызы

Тәубеге халқым келейік

Тәуелсіздіктің онжылдық тойы басталды,
Тойларың тойға ұлассын, халқым, демекпін.
Игердік жерді, шарладық биік аспанды,
Тарихты жаздық, тереңнен тартып деректі.
Өрелі істер тындырып біраз тастадық, Алғашқы
он жыл өтті де шықты қас-қағым.
Қиындықтардан жол тауып өтіп Елбасы,
Тұрлаулы өмір сүруге елді бастады.
Қиындық болды, қателік өтті басыңнан,
Бармақты тістеп кездер де болды ашынған.
Қайқандап алып, қайыспас қара нарлардай,
Бәрін де жеңіп аттандық жаңа ғасырға.
Шығарып жатқан заңдарда біраз татым бар, Оңсолыңды таңдауға бүгін хақың бар.
Өзіңді-өзің қорғауға және құқың бар,
Тәуелсіз елде «азамат» деген атың бар.
Алмайық шайқап бақыттың шара табағын,
Ашайық байқап уақыттың жаңа парағын.
Біле білгенге Аспан да Күн де сенікі,
Байлығын емсек бақыт сол - Жер Ананың.
Жаманбыз деп айтпайық халқым, күпірлік,
Жейтұғын нан бар, етейік соған шүкірлік.
Еңсесі биік іргелі елге айналдық,
Ендігі жерде достық пен керек бүтіндік!
Жетімді көрсек қолтықтан сүйеп демейік,
Асқақ рухты көкіректерге себейік.
Төзімі темір халық едік қой қашаннан,


Тәуелсіз елміз тәубеге халқым келейік.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу