Өлеңдер ✍️

  12.11.2022
  214


Автор: Дәмелі Құсайынқызы

Ағайындардан ашылар болды-ау арамыз

Қартайған шақта қалада болып баспана,
Есікті кілттеп отырар болдық масқара.
Түсінер қала, қырдағы бауыр айыптар,
Өнеге қандай көрсетер болдық басқаға.
Қалада тұрған қарттардың барлық мұңы бір,
Бірінен бірін айырма бауыр, бұны біл.
Көрдің бе шырақ, тағдырмен мына ойнама,
Қартайған шақта қарттарға салған сыны бұл.
Жұмыс іздеген туыс пен таныс ағылды,
Қаншасы келді, есебінен де жаңылдым.
Жасымыз асқан зейнеткерміз ғой, құдай-ау,
Қарсыламасаң демеші неге тарылдың.
Өзіңнен артпас өлшеулі болса несібең,
Ағайын, таныс қабылдамасам кешірер.
Жұқалап өмір сүруге қала үйретсе,
Балаларыма салмақты салам несіне.
Өліге бата етуге жетпей шамамыз,
Жыл өткен сайын ұятқа батып барамыз.
Бару да қиын, келу де қиын, жай солай,
Ағайындардан ашылар болды-ау арамыз.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу