Өлеңдер ✍️
Алтын күз
Уақытқа қоймас ешкім бұғау салып,
Күз жетіп, шөптің басын құрау шалып.
Алтын күз жыл айналып келе берсін,
Жүрмесін көңілді тек қылау шалып.
Даламның танытқандай дархандығын,
Кеңейді өріс қайта, арқам бүгін.
Жыйналды астық-сулық мал азығы,
Көңілді бірлегендей баршам бүгін.
Бірленген көңілдері барша халқым,
Тағы да жалғастырмақ өмір салтын.
Таялды Ұлы Октябрь мерекесі,
Мәңгілік жасай берсін сенің даңқың!
Айрықша қастерлейміз неге сені,
Алтын күз келе берші берекелі.
Ұстаз күні, комсомол, Теңдік күні,
Уақытсың шат думанды мерекелі.
Күз келгенде бұлт көшіп ағылады,
Бұлттар басса жүзіңді жабығамын.
Жауын бұлты жүзінді қалқаласа,
Қалқаласын күз келді неғыламын.
Аспанымда жұлдыздар қорғаласын,
Соғыс бұлтты тек қана торламасын.
Жаңбыр жауса жер қанып ырыс толар,
Жаңбыр бұлты жауын боп сорғаласын.
Шуағыңды төк күзім жанға жайлы,
Қалықтасын вертолет қалбағайлы.
Жайлы күздер жалғасын таба берсін,
Жолығалық әрқашан таңға арайлы.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter