Өлеңдер ✍️

  12.11.2022
  322


Автор: Дәмелі Құсайынқызы

Ақ батамды берейін

Тесілсе де бармағым,
Жігерімді жалдадым.
Бір жыл тіккен үйімді,
Ел басына арнадым.
Ақыл, ойдың арнасы,
Жәңгір ханның жалғасы.
Өсе берсін мерейің,
Ғасырларға жалғасып.-
Парасатпен дәлелдеп,
Ой бөлісіп әлеммен.
Достық туын ұсындық,
Алыс жақын бар елге.
Жігеріңді жанып-ап,
Қайратыңа қайта мін.
Жүрегіңді таныған,
Халқыңнан күт қайтарым.
Жердің үңгіп қойнауын,
Ел тағдырын ойлауың.
Азаматқа лайық-ақ,
Бейнетіңе тоймауың.
Адамдардын атынан,
Ел басына сенейін.
Аналардын атынан,
Ақ батамды берейін.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу