12.11.2022
1393
Құтты болсын жаңа жыл келіп жеткен (әкеме тілек)
Асыл әкем, ардақты жаным әкем,
Құтты болсын жаңа жыл келіп жеткен.
Бар жақсыны тілеймін өзіңізге,
Көп болсын деп күндерің күлімдеткен.
Жаңа жылда жаңалық орын алсын,
Қуанышты, бақытты күн сыйлайтын.
Аман болсын отбасы, ошақ қасы,
Жан тербер ғажайып үн сыйлайтын.
Әр күн сайын жаныңа шаттық сыйлап,
Атсын әке нұр шашып әрбір таңың.
Жаңа жылда жаңаша бақыт сыйлап,
Жайнай берсін тамырлап гүлді бағың...
жаңа жыл әкеме тілек ата анаға жаңа жылға тілек жаңа жылға тілек жаңа жыл құтты болсын жаңа жылға құттықтау әкеге тілек әкеме жаңа жылға тілек
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter