12.11.2022
  886


Автор: Жаңа жыл

Жаңа жылдың сезініп сен ғажабын (анама тілек)

Жан анашым ортамызда жүрші аман,
Жаңа жылдың сезініп сен ғажабын.
Күлім қағып саулығың мықты болсын,
Таусылмайтын анашым сен базарым.

Бақытты боп жанарың күлімдесін,
Шаттық әуен жаныңды тербеп дәйім.
Қуана түс, бақ таба түс әрбір күннен,
Жан анашым көңіліңде жоқ боп уайым.

Жаңа жылда жаңа күн қуантсын тек,
Жаңа табыс сыйлап тек ең ғажабын.
Бал-бұл жанған жүзің бұл күлімдесін,
Жаңа күнде жарқырап бұл ажарың.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу