12.11.2022
  523


Автор: Жаңа жыл

Әкешім жаңа жылыңмен (әкеме тілек)

Құтты болсын жан әкем жаңа жылың,
Қуанышта болып тек әрбір күнің.
Жаңа жылдың жақсысын сезінші тек,
Шаттықта әкем шығып тек жарқын үнің.

Отбасының көшбасышы болып әке,
Ортамызда жүріңізші болып аман.
Немерелер ортасында шөбере сүй,
Күйің тербеп әлемді жарқыраған.

Жаңа күнің қуаныш сыйласын тек,
Әрбір күнің шаттықта өтіп дәйім.
Денсаулығың қашанда мықты болып,
Күлім қағып жан әке жүрші әрдайым.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу