Өлеңдер ✍️
Қыйбатқа
Бірге оқып, бірге өскен сыңарым-ай,
Жетпеді жоқтамауға шыдамым-ай.
Ішімнен рухыңмен сөйлескенім,
Жетер ме жер астынан құлағың-ай.
Жан апам-алдымдағы қарасыным,
Үлкені - бір әулеттің, жан ашыры.
Артыңды аңыратып кете бардың,
Анжаққа асыққандай алас ұрып.
«Жерлейміз» деген суыт хабар алдық,
Тілдеспей калдық-ау деп азаландық.
Қыз-күйеу, келін-бала, бауырларың,
Аңырап жылап-жылап қала бардық.
Ұмыту қызға жат қой елді мүлде,
Біз жүрміз тірлік етіп кемді күнге.
Елді аңсап ауыл жаққа жолым түссе,
Барамын басты тіреп енді кімге.
Мінезің сабырлының сабырлысы,
Болып ең қатарыңның алдыңғысы
Жерге де жақсы адам керек екен,
Сөз қозғау жақсы жайлы ардың ісі.
Сұм соғыс әкемді алып кетіп еді,
Үшеуі бес қызының шетінеді.
Шаңырақ үстайтүғын үл боп тумай,
Қыз болып туғаныма өкінемін.
Кешірім ағайыннан сұранайын,
Халқым-ау, қалай ғана жыламайын.
Жер жалғай, жолда жаман бара алмаймыз,
Той қылса, кайтыс болса бір ағайын.
Ауылдың кедейлігі асқыныпты,
Белгісі мәйіттердің тас құлыпты.
Өлгендер тұра қашып кететіндей,
Моланы ақ таспенен бастырыпты.
Құзырдың бойымдағы әлегінен,
Ескерткіш жоқтау жаздым әдейілеп.
Қамығып жоқтау өлең жазып жүрген,
Біліңіз бауырыңыз Дәмелі деп.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter