Өлеңдер ✍️
Сыйым - арнау өлеңім
Төрінде «Қаратөбе» жайлауының,
Қызмет етіпсіңіз Сайлау інім.
Мәнісі осы екен деп жаңа ұқтым,
Тілінде анасының сайрауыңның.
Әр жерден ырыздықты теріп жедің,
Бар екен қыз-күйеу, ұл-келіндерің.
,Жылт еткен жақсылықты теріп жазып,
Ұштаудан қаламыңды ерінбедің.
Бағасы журналистер төмендеп тұр,
Көбіне еңбегіңіз еленбей жүр.
Инемен құдық қазуменен тең ғой,
Жұмысың бағаласа тереңдеп бір.
Ерінбей ізденудің арқасында,
Он жылдай теледидар алқасында.
Көптеген тәжірибе жинақтадың,
Алқынбай алға інім тартасың да.
Домбырамен әнді де сала аласың,
Еңбегіңді ел-жұртың бағаласын.
Кішіпейілдігің болар сірә,
Халқыңмен кеттің еркін араласып.
Байқаймын сегіз қырың бар секілді,
Білімің жеткілікті жан секілді.
Біреумен ақтарыла сөйлескенде,
Көңілің аппақ-таза қар секілді.
Болып тұр тілегенім қайда дайын,
Сый шапан жабатұғын қайда жайым.
Сыйым-арнау өлеңім бұл Сайлау інім,
Жасыңыз құтты болсын, айналайын.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter